Главная Обратная связь

Дисциплины:






П а с п о р т т ы қ б ө л і м



Аты-жөні: Қуанышбеков Бекболат

 

Жасы:60

 

Жынысы:ер

 

Ұлты: қазақ

 

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Индустриальная 26

 

Білімі: арнаулы орташа

 

Қызмет бабы мен жұмыс орны: ТОО ТШО, инженер - техник

 

Клиникаға жеткізілуі: Жедел жәрдем машинасымен

 

Клиникаға түскен уақыты: 15:20-15:30 , 16.11.15ж

 

Клиникаға түсердегі болжамды диагноз: ИБС прогрессирующая стенокардия

 

Негізгі ауру: ЖИА

 

Асқынуы: Сол жақ қарыншаның созылмалы аневризмасы . НК І Гипертониялық ауру ІІІст риск

 

Қосалқы ауру:Остеохондроз омыртқаның мойын аймағында

 

 

Аурудың емханаға түсердегі негізгі шағымдары:

Төстің артында жүрек аймағында физикалық жүктеме кезінде

немесе жоғарғы қабатқа көтерілгенде басыңқы, қысыңқы, шаншу ауру

сезімдері пайда болады. Ауру сезімі нитроглицеринді қабылдағаннан

кейін бірнеше минуттан кейін басылады. Ауру сезімі сол жақ қолға,

иыққа, жауырынға жалғасады. Физикалық жүктеме кезінде жүрек соғуының

тоқтауы және пульстің жоғалуы сияқты сезімдер туады.

Қосымша шағымдары:бас ауру, әлсіздік, бас айналу, ұйқысының бұзылуы.

Қазіргі ауру тарихы (Anamnesis morbi)

Өзін ауру ретінде 2005 бастап санайды. Ең алғаш рет төс артында қатты қысып тұрған сезім эмоционалдық күйзелістен кейін басталды.

Ауру өздігінен кеткен жоқ, бірақ ұстаманың қалай кеткендігі есінде жоқ. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, диагнозы миокард инфарктісі . Емдеу жүргізілгенмен медикаментозды емді сақтамаған. Инфаркттан кейін ауруда физикалық жүктемеден кейін жиі төс аумағы ауыра бастады, жайылу болмады, 1 таблетка нитроглицерин қабылдағаннан 1-2 мин кейін ауру сезімі басылады. Маусымда жағдайы ауырлай түсті. Нитроглицериннің мөлшері 2 таблеткаға көтерілді. Жүрегі жаншып ауырған. 16 қазанда физикалық жүктемеден кейін салқын тер, кейін қатты шаншу , қысу сезімі жүрек аймағында пайда болды. Кейін сол жақ қолға, иыққа, жауырынға таралды. Өз бетімен қан қысымын өлшегенде 240 сын.бағ. тең болған. Қан қысымы жоғары болған соң жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдеммен БСМП-ға жеткізілген.



Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae)

Науқас Қуанышбеков Бекболат Ақтөбе облысында 1951 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Отбасында 2 бала. Ана сүтімен қоректенген . Өсуі мен дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Мектепке 7 жасында барған, жақсы оқыған , орта мектепті аяқтаған. Мектеп қабырғасында дене шынықтыру сабағына қатысқан. Арнаулы орта білімі бар. Әскери борышын өтеуде ешқандай зақым жарақат алмаған. 1985 жылдан бастап өз мамандығы бойынша қызмет атқарған 24 жасында үйленген, 3 баласы бар. Қазіргі кезде квартирада 4-этажда тұрады. Күніне 3 рет тамақтанады. Жеке бас гигиенасын сақтайды. Тұрмыс жағдайы –қанағаттанарлық, киімі, тағамы жеткілікті. Инфекциялық аурулармен ауырмаған. Науқас туберкулез, сары ауру ауруларымен ауырмаған. Зиянды әдеті темекі шегу, алкагольге, есірткіге әуестігі жоқ. Дәрілерге аллергиялық реакциялары жоқ. Жүрек-қантамыр ауруынан тұқым қуалаушылық бар. Анасы 72 жасында миокард инфаркттен , әкесі жедел жүрек жетіспеушілігінен 67 жасында қайтқан.

 

Науқас адамды жалпы қарау (Status praesens objectivus)

Науқастың жалпы жағдайы – қанағаттанарлық, санасы – айқын, ауруға көзқарасы бірқалыпты. Төсектегі қалпы -белсенді. Бет –келбеті, жүріс тұрысы қалыпты. Эмоциясы сақталған. Дене құрылысы дұрыс. Конституциясы нормостеник. Пульс- 68, тыныс алу жиілігі 18 , АҚ- 140/80. Бойы 165см, салмағы 84,5 кг.

Дене мүшелерін жекелеп қарау:

Терінің түсі – қалыпты, тері серпінділігі мен ылғалдылығы жақсы. Теріде бөртпелер, жаралар, пигментация, геморрагия, тыртық, ісік жоқ. Тері түгі қалыпты. Еріннің шырышты қабаты көкшілдеу, мұрын, көз, таңдайдың шырышты қабаты ақщыл қызғылт түсті. Миндалинасы үлкеймеген, қалыпты.

Жақастылық, мойын, бұғана үсті, бұғанаасты, қолтық аймағындағы лимфа түйіндері ісінбеген.

Бұлшықет тонусы қалыпты. Ауыру сезімі жоқ. Сүйектің деформациясы, қисаюы жоқ. Палпациялауда сүйек буыны ауырмайды. Буын қозғалысында қытыр дыбысы естілмейді.

Тырнақтары деформацияланбаған, сынғыш емес. Барабан саусақтары, сағат әйнегі тәрізді тырнақ жоқ.

Науқастың басын тексерген кезде ешқандай тыртықтар, ауытқушылықтар байқалмайды. Кеуде сарайы эмфизематозды, симметриялы, семулер мен қалыңқылар байқалмайды. Омыртқа жотасы қалыпты орналасқан.

 

Тыныс алу жүйесі:

 

Қарау: Сана-сезімі анық, науқастың жалпы жағдайы орташа, төсектегі қалпы активті, конституциясы нормостеник, терінің кілегей қабаттары қалыпты, лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Сүйек-буын жүйесінде патология жоқ. Тыныс алу жүйесі мұрын арқылы, демалу еркін, ТАЖ 18 рет. Қан айналым жүйесі ырғақты.

 

 

Пальпация: Ауырсыну анықталмайды. Кеуденің эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі симметриялы нүктеде бірдей.

Перкуссия: салыстырмалы перкуссияда өкпелік дыбыс анықталады. Топографиялық перкуссияда анық дыбыстан тынық дыбысқа дейін естіледі.

 

Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі:

 

Белгі сызықтар Оң жақ Сол жақ
Төс жанындағы сызық VI қабырға III қабырға
Бұғана ортасы сызығы VI қабырға аралығы VI қабырға аралығы
Қолтық алдыңғы VII қабырға VII қабырға
Қолтық ортаңғы VIII қабырға VIII қабырға
Қолтық артқы IX қабырға IX қабырға
Жауырын сызығы X қабырға X қабырға
Омыртқа алдындағы XI кеуде омыртқасы XI кеуде омыртқасы

 

 

Аускультация: везикулярлы тыныс, сырыл анықталмайды.

 

Жүрек-тамыр жүйесі:

 

Жүрек аймағын қарау: жүрек томпағы анықталмайды, жүрек соққысы қалыпты. Мойын веналарының кеңеюі және ісінуі, каротидтер биі, Мюссе симптомы байқалмайды. Қан айналым жүйесі ырғақты. АҚ 140-80.

 

Жүрек аймағын пальпациялау: Палпация кезінде жоғарғы серпін анықталады, ол ортаңғы бұғана сызығы бойымен 5 қабырғааралықта 2 см сыртқа локализацияланады, жүрек қағысы төмен, созылыңқы.

 

Перкуссиясы: Жүректің салыстырмалы тынық дыбыс шекарасы:

· Оң жақ шегі IV-V қабырға аралығында оң жақ төс сызығынан 2 см сыртқары орналасқан.

· Сол жақ шеті V қабырға аралығында сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан.

· Жоғарғы шегі -сол жақ төс маңы сызығынан 1 см ішке III қабырға аралығында орналасқан.

 

Жүректің абсолютті тынық дыбыс шекарасы:

· Оң жақта шегі төстің сол жақ шетінде IV қабырға аралығында орналасқан.

· Сол жақ шегі жүректің сол жақ шегінен 1,5 см ішке қарай V қабырғааралықта орналасқан.

· Жоғарғы шегі сол жақ төс маңы сызығы бойынша IV қабырға аралығында орналасқан.

Аускультациясы:Аускултация кезінде жүректің ритмі синусты, тон басыңқы, 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, созылыңқы дыбыс жоқ. Аортада ІІ тонның акценті байқалады. Пульс оң жақ артерияда 65. АҚ оң жақта 130/90, сол жақта 135/90.

Лабораториялық тексерулер

1) Жалпы қан анализі

Қан көрсеткіштері 18.11.15
  Эритроциты Гемоглобин СОЭ Цветовой показатель Лейкоциты Эозинофилы Нейтрофилы палочкоядерные Нейтрофилы сегментоядерные Лимфоциты Моноциты   4.5*1012 143 г/л 11 мм./час 1,0 8.3*109  

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...