Главная Обратная связь

Дисциплины:






Леуметтік қызметкердің кәсіби этикасының түсінігі



 

Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі сияқты мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу үрдісінде құрылған, оған ғана қатысты идеалдар мен құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.

Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma – ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтын кәсіби құндылықтарда қоғаммен қабылданады.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасы белгілі бір эсклюзивті, басқа механизмдермен қарсыласқан, мамандар тәртібінің бақылаушысы емес. Оның нормалары мен принциптері нормативті-құқықтық базалардың талаптарына немесе әлеуметтік жұмыстағы технологиялық үрдістерге қызмет етеді. Әлеуметтік жұмыстың этикасы мамандар мен олардың ұйымдарының қоғам және мамандықтың , клиенттің және олардың топтарының қызығушылықтарына қызмет етуді талап етеді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы резервтерді іздеуді, барлық мүмкін болатын ресурс түрлерін қолдануды ұсынады – әлеуметтіктен әлеуметтік қызметкердің өзі және оның клиенті ретінде жеке ресурстарға дейін.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселе басты назарды аудартады. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.

Әлеуметтік қызметкердің ұжымдық жауапкершілік мәселесі де маңызды болып келеді. Әрбір кәсіби топ, әсіресе егер ол өзінің кәсіби ассоциацияларын құрса, өзінің жеке кәсіби қызығушылықтарын қолдауға және сақтауға тырысады – мысалы, мамандықтың престижі мен статусын жоғарылату, кәсіби қызметтің дамуына субсидий алу, т.б. Алайда бұл қызығушылықтар әлеуметтік мәселелер мен жалпыкәсіптік мазмұнның шешімінде жүзеге асатын болса ғана іске асырылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасының негізгі міндеттерінің қатарына корпорациялық қызығушылықтар мен мақсаттар , кәсіби қызметтің міндеттерімен, сонымен қатар қоғамның және оның әрбір мүшелерінің қызығушылықтарының қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысу болып табылады.



Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың мамандардың кәсіби моральы болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары , этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.

Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – адам» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында, әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Әлеуметтік жұмыста этикалық қарым-қатынастар талаптар формасында; адамгершілік принциптері; моральды қабілеттер ; мамандардың өз қызметіндегі үнемі өзін-өзі ұстау және бақылау формасында жүреді.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы кәсіби қарым-қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік өмірі мен қызметін көрсетеді. Бұл сана моральдың субъективті көрінісі болып келеді, себебі объективті әлеуметтік қажеттіліктер мен қоғамдық мүдделер маманның немесе кәсіпкердің санасында міндеті тәртіптер мен іс-әрекеттер идеясы ретінде көрінеді. Бұл сананың ерекше формасы спецификалық адамгершілік нақтылықты береді: тәртіп пен қызмет енді қажеттіліктер тұрғысынан қарастырылмайды, ол олардың моральды құндылықтарын толық, жан-жақты зерттейді. Іс-әрекеттің құндылықтары игі істер, қоғам және әлеуметтік қызметкердің клиенттері болып табылады, яғни адамгершілік тұрғысынан қарағанда әлеуметтік қызметкердің өзі де қатысады. Нақты әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеті, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, жақсылық болып табылады. Бұл жақсылық тек қана қоғамға немесе клиентке қажет болғаннан емес, сондай-ақ ол әлеуметік қызметкердің өзіне де қажет, себебі әлеуметтік қызметкерге игі іс жасау оған пайда әкелуге мүмкіндік береді, соған қоса өзінің жеке адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да септігін тигізеді. Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді.

Адамгершіліктің, қызметтің ең басты мақсаты клиент пен қоғамның жақсылығы болуы мүмкін. Қызметтің мақсаты әрқашан келешек реалды шешімнің идеалды образы болып келеді. Әлеуметтік қызметкердің өзінің алдына қойған мақсаты, жалпы айтқанда, мына формуламен айқындалуы мүмкін: «мәселені шешу және клиенттің өмірлік шарттарын жақсарту». Клиент, негізінен, өзінің мақсатын бұдан да айқын қалыптастырады. Бірақ клиенттің мақсаты әрқашан орындала бермейді – бұған әлеуметтік қорғау жүйесінің мүмкіндіктері және нақты әлеуметтік қатынастар, клиент үшін соңғы нәтижесінің объективті құндылығы , этикалық мақсаттар және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мақсаттың этикалық тиімділігін бағалай отырып, клиенттің мәселесін шешу үшін нақты іс-әрекеттерді жоспарлай отырып, өзіне жеке жауапкершілік артады. Егер әлеуметтік қызметкер клиент және оның әлеуметтік ортасы үшін жұмыс нәтижесінің мүмкін болатын құндылығын бағаласа, ол қойылған мақсат бойынша әрекет жасамау дұрыс болатынын айтады, ол өзінің ойын анық, нақты түсіндіріп, клиентке өзінің дұрыстығын дәлелдеу керек.

Әр адам шындықты немесе ақиқатты, заттар , құбылыстар немес іс-әрекеттерді , өзінің ішкі жан дүниесімен байланыстырады. Әлеуметтік қызметкер әрқашан өзінің қызметін тек жалпы қоғамдық немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан ғана зерделемей, сонымен қатар өзінің құндылықтар жүйесінен, мораль және адамгершілік туралы өз пікірлері арқылы да жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкердің іс –әрекеттері оның кәсіби міндеттерінің спецификалық адамгершілік мотивтерді құрайды. Жақсылық жасауға ұмтылу, мәжбүр адамдарға көмек беру, адами және кәсіби парыз сезіміне бағыну, нақты идеалдарға жетуді қажет ету, құнды бағыттарды іске асыру. Әлеуметтік қызметкер үшін басты кәсіби міндеті клиенттің мәселелерін шешу болып табылады.

Түрткі ретінде көбінесе орындалған жұмыстың мазмұны, еңбек ету қызметінің процесі және оның соңғы нәтижесі қарастырылады. Егер әлеуметтік қызметкер тұлға ретінде өзін адамдарға қажет екенін сезінсе, егер ол әлсіз адамдарды қорғауға дайын болса, егер ол өзінің клиенттерінің табыстарына қуанса, және олардың жетістіктеріне мақтау айтса, онда қалыпты мотвацияның орны бар деп айтуға болады. Сондықтан клиентпен ортақтасу сезімі, оның тағдыры үшін жауапты болу, пайдалы болуын қажетсіну, және жақсылық жасау - әлеуметтік қызметкердің оқу және практика жүзінде дамып отыратын тәртіп пен қызметтің қажетті мотивтері.

Легитимизация ұғымының астарынан әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік қызметтің өзінің міндеттерінің негізіне үңілетін құқықтық негіздемелер түсіндіріледі. Бұл мекеменің қызметін, әлеуметтік қорғау органдарының және олардың қызметкерлерін бақылайтын барлық нормативті-құықтық база.

Әлеуметтік қызметкердің міндеттерін легитимизациялайтын құжат ретінде , олар мемлекеттік немесе жергілікті әлеуметтік бағдарламалар, бұйрық немесе әлеуметтік қорғау жоғары органның немесе мемлекеттік немесе жергілікті басқару органдарының құрылымдық хаты, олардың шешімі, т.б. қандай жағдай болмасын, бұл құжат мазмұны адамгершілік критерилерінің сұрақтарына жауап беретін және барлық әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік қорғау жүйесіне ортақ жалпы қабылданған, заң негізінде жүзеге асатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы болмауы тиіс. Қызметтің негізделуі форма ретінде , сонымен қатар мазмұны жағынан әр түрлі объективті себептерге байланысты мақсаттардан айырмашылық жасайды.

Әлеуметтік қызмет пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін регламентациялайтын ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.

Мақсаттардың сәйкестігі мен мақсатқа жетудің тәсілдері этиканың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік қызметкер оған барлық мүмкін болатын , қолайлы , заңды тәсілдерді қолданады – материалдыдан бастап рухани құндылықтарға дейін. Тиісті құралдарды таңдай кезінде этикалық принциптерді ұстану керек, оның ішіндегі ең бастысы және барлық қызмет үшін ең маңыздысы «зиян келтірме» деген принцип болып табылады. Әлеуметтік қызметкер мақсатқа жету жолдарының жүру барысын ғана ойластырып қоймай, мақсатқа жету үшін басқа да тәсілдердің қолданылуын да алдын ала көре білуі керек – «деструктивті тәсілдерді қолдану трансформацияға және мақсаттың орындалуына әкеледі». Әлеуметтік қызметкердің қойған мақсаты моральды жағынан жоғары болуы мүмкін, оның тәсілдері мен құралдарына сәйкес келмеуі мүмкін, олардың аморальдылығы қызметтің барлық нәтижесін өшіріп тастауы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек.

Әлеуметтік қызметкердің әрекетке көшу шешімі, бұл жолдар немесе тәсілдер клиентке және қоғамға қандай пайда әкеледі дегенге негізделіп, нақты білім жүйесінде іске асырылуы керек. Іс-әрекеттер клиентке және оның әлеуметтік ортасына деген мейірімділік негізінде қалыптасуы керек, олардың құндылықтары мен өмірден жақсылық, табыс алуын қамтамасыз ету керек. Жоспар құруға немесе мақсатты іске асыру шегіндегі этикалық тиімді әрекеттердің бағдарламасына жауапты болу толығымен әлеуметтік қызметкерге артады. Клиент мәселені шешу жолдарын қарастыруға толық қықығы болса да, оның «вето» (яғни, мәселені шешуге әлеуметік қызметкердің нұсқаларымен келісу не келіспеу құықығы) құқығы болса да, жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер маман ретінде шешім қабылдауға, іс-әрекеттің тәртібін анықтауға үлкен жауапкершілік артады. Этиканың талабы әлеуметтік қызметкер клиентке мақсатқа жетудің барысы туралы, қандай шаралар жүргізіліп жатқандығы туралы, олардың мән-мағынасын түсіндіріп, барлық жағдайлар туралы үнемі қажетті ақпарат беру болып табылады.

Нәтиже – бұл қызметтің ақиқатты күтетін өнімі. Жұмысты орындау барысында, әлеуметтік қызметкер мақсатты болжау кезеңінің өзінде жұмыстың нәтижесінде не ала алатынын , қандай қорытындыға келетінін елестету керек. Бірақ, ереже бойынша, соңғы реалды нәтиже жоспарда белгіленген қорытындыдан ерекшеленеді, яғни қойылған мақсаттан, себебі мақсат – бұл күтілетін шешімнің идеалды нұсқасы болып табылады. Реалды идеалдыдан қаншалықты айымашылығы бар, бұл объективті және субъективті себептерге байланысты. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қызметкер субъективті фактордың барлық негативті әрекеттерін жауып тастауы керек, яғни өзін және клиентті мобилизациялауы керек, қойылған міндеттерді шешу үшін қоғамның барлық мүмкін болатын, тиісті , пайдалы ресурстарына қолдану керек. Ол , сонымен қатар, мақсатқа жету жолында болатын объективті кедергілерді де білуі керек, қызметтің жоспарын құру кезінде олардың пайда болатын барлық нұсқаларын қарап шығуы керек.

Бірақ сәттілік этикалық нормаларына сай болуы керек, және әлеуметтік қызметкер өзінің жоспарлаған жұмысын бақылап отыруы керек. Егер оның нәтижесі оның моральды сезімдерін өкіндіретін болса, оған жұмысты бастау міндетті емес, ал жұмыстың негативті барысы оның талпыныстарын сұрақтардың астына алады.

Жалпы әлеуметтік жұмыстың этикасында мынадай деңгейлер бар:

1) ішкі жүйелердің барлық әрекет ету типтеріне ішкі этикалық стандарттарды қолдану: әлеуметтік қызметкер – клиент, әлеуметтік қыземткер - әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер - әлеуметтік мекеменің ұжымы, әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызмет, т.с.с. Бұл деңгейде жүйеде қалыптасатын іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар қалыптасу жүреді, және кәсіби топтың мүшелері тарапынан олардың бағалауы да жүреді.

2) нақты әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтердің әмбебап мәндегі кәсіби стандарттардың тарапынан тәртіп пен іс-әрекетке баға беру. Бұл деңгейде әлеуметтік қызметкерлер мен олардың әрекеттері клиенттердің жағынан және олардың әлеуметтік ортасынан қарастырылады да бағаланады. Сонымен қатар бұл кезеңде әлеуметтік қызметкерлердің тәртібі мен әрекетіне клиенттер мен олардың қоршаған ортасының әсері ықпал етеді. ;

3) әлеуметтік жұмысты жалпы әлеуметтік институт ретінде бағалау. Ол әлеуметтік қызметкерлердің барлық структураларымен қарым-қатынасы, әлеуметтік мақсат пен қоршаған ортаның әсері шегінде болады. Бұл кезеңде әлеуметік пайдана қарастырады, әлеуметтік жұмыстың қоғамға қажеттілігі, және оның объективті түрде қоғаммен қабылдануы, этикалық мазмұндардың сәйкес келуі, қоғам көзқарасынан кәсіби қызметтің сыртқы көрінісі қарастырылады.

Этикалық баға кез келген деңгейде объективті-субъективті сипат алады. Бағаның субъективтілігі бағалау адамдармен жүргізіледі, және жеке факторды алып тастау әрқашан орындала бермейтіндігімен байланысты. Мысалы, клиенттің әлеуметтік жұмысты бағалауы кезінде, оның пікірі , көбінесе, әлеуметтік қызметкер қаншалықты оның мәселесін шешкені , онымен қаншалықты және қандай деңгейде жұмыс жасағанымен тығыз байланысты.

Қоғам тұрғысынан баға объективті болуы мүмкін, себебі қоғам әлеуметтік тұрақты емес; барлық азаматтар әлеуметтік жұмыстың институты жайында толық білмейді, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттары аз. әлеуметтік жұмыстың бағасы әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және мемлекетпен ерекшеленеді. Мемлекет әлеуметтік жұмыстың институтын қалыптастыра отырып, бұл институттың потенциалынан шығады, қоғам үшін қызығушылық келтіретін потенциал емес, оның соңғы нәтижесі көп қызықтырады, себебі қоғам оптималды болып табылатын әлеуметтік жұмыс институтының қызметінің шарттарымен толық таныс емес.

Кәсіптік қызметте қалыптасатын және кәсіптік қимылдарды, іс-әркеттерді, тәртіпті реттейтін адамгершілік нормалары әлеуметтік жұмыста белгілі бір функцияларды атқарады. Кәсіптік жұмыстың этикасының функциялары көптеген факторлармен, оның ішінде ең негізгілері мамандықтың мәні, мазмұны мен бағытталуы байланысты анықталады.

Әлеуметтік жұмыстың этикасының негізгі функциялары деп мыналарды есептеуге болады:

1) бағалау – іс-әркеттер мен тәртіптерді, үрдіске қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін және де олардың талпыныстары мен ниеттерін, олардыңөз мақсаттарына жетуі үшін таңдап алған құралдары мен соңғы нәтижелерін моральдық нормалар мен прициптер тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді;

2) реттеу - әлеуметтік жұмыс маманы барлық кәсіптік ұжыммен гармониялық ара қатынаста болу үшін және де өз мамандығына сәйкес келуі үшін формалды немесе формалды емес жағдайларда іс-әрекеттері мен тәртіптерін реттеп отыру қажеттілігінен бастау алады;

3) ұйымдастырушылық – бұл қызметтік үрдіскн қатысушылардан өзінің міндеттері мен кәсіптік борыштарын шығармашылық орындап отыруды талап етуден пайда болып, әлеуметтік жұмыс ұйымдарын жақсартуға қызмет етеді;

4) басқарушылық - әлеуметтік қызметкердің жұмысқа қатысты тәртібі мен қимыл-әркеттерін әлеуметтік басқару құралы ретінде қызмет етеді;

5) мотивациялық – бұл қызметтің әлеуметтік және кәсіптік қабылданған мотивтерін қалыптастыру құралы ретінде қызмет атқарады;

6) координациялық - өзара сенімділік пен өзара көмек көрсетуге негізделген барлық үрдіске қатысушылардың клиентке әлеуметтік көмек көрсетуде қызметтестікті қамтамасыз етеді;

7) реглементациялық - әлеуметтік қызметкердің немесе әлеуметтік қызмет көрсету орындарының клиентке көмек көрсетуге бағытталған мақсаттарын, әдістері мен құралдарының таңдалуын бағыттайды және шарттайды;

8) іске асыру – мораль мен адамгершілік негізінде әлеуметтік қызметкердің іс-әркеттерін іске асыруға және әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы қарым-қатынасты іске асыруға мүмкіндік береді;

9) тәрбиелеу - әлеуметтік қызметкердің тұлғалық қалыптасуы мен тәрбиелену, сонымен қатар клиенттің және клиенттің әлеуметтік ортасының қалыптасу мен тәрбиелеу құралы қызметін атқарады;

10) коммуникациялық – мамандар мен олардың клиенттерінің арасында қарым-қатынас қызметін атқарады;

11) оптимизациялық - әлеуметтік жұмыстың эффективтілігі мен сапасын жоғарылатуға, қоғамда бұл мамандықтың статусын көтеруге, оның моральдық деңгейін жоғарылатуға үлесін тигізеді;

12) тұрақтылық - әлеуметтік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың, әлеуметтік қызметкерлер мен клиенттің және оның жақындары арасындағы қарым-қатынастардың, әлеуметтік қызметкерлер мен әр түрлі ұйымдардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастардың тұрақталуын қамтамасыз етеді;

13) рационалдық - әлеуметтік қызметкердің таңдаған мақсаттары мен әдістерін, әсер ету құралдарын кәсіптік мораль тұрғысынан эффективті немесе тиімділігін шешуде жеңілдік жасайды;

14) превентивті - әлеуметтік қызметкердің клиентке және барлық қоғамға зиян тигізетін іс-әркеттерден сақтандырады;

15) прогностикалық – жеке әлеуметтік қызметкерлердің іс-әркеттері мен тәртіптері мен олардың ұжымдарының этикалық дамуын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді;

16) қарам-қайшылықты шешу - әлеуметтік жұмыс үрдісінде пайда болатын обьекттер мен субьекттер арасындағы қарам-қайшылықты шешуге, шеттеруге мүмкіндік береді;

17) ақпараттық - әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік әлеуметтік жұмыс пен кәсіптік мораль құндылықтар жүйесінен хабарда етеді;

18) әлеуметтік – қоғамда әлеуметтік жұмысты іске асыруда жағымды жағдай жасауға мүмкіндік береді;

19) әлеуметтендіру - әлеуметтік қызметкерді қоғамда басты мораль мен құндылықтар жүйесінен хабар беруге қызмет етеді;

Леуметтік қызметкердің кәсіптік мораль функцияларының көптігі оның жоғары әлеуметтік мәніне маңыздылығына негізделіп жасалады.

Леуметтік жұмыстың этикалық бағыттаруы барлығын мораль мен адамгершілікке негізделген міндеттермен біріктіреді. Ол өзін абстрактілі нормалар мен құндылықтармен шектемейді, керісінше барлық жағдайларда қарастырылады, маманның іс-әркетіндегі контексті көруге үйретеді, обьективтілік пен субьективтілікті орын-орынға қоюға, абсолютті және жағдайлық шарттарды орын-орынға қоюға көмектеседі. Әлеуметтік жұмыс этикасы маманның құндылықтарға негізделген іс-әркеттерін оқытады, жақсылық пен жамандық тұрғысынан оның қимыл-әркеттерініңмотивтері мен нәтижелерін бағалайды. Ол өте маңызды этикалық постулатқа бағынады: әрбір әлеуметтік қызметкер өзі білетін және оны алдын алалатын жамандықтар мен бақытсыздықтарға жауапты.

Леуметтік жауапкершілік сұрақтары әлеуметтік қызметкердің клиенттермен тәжірибелік жұмысында ладынан шығады. Клиентпен немесе әлеуметтік ортада қандай да болсын өзгерімтер болатыг болса, бұл жағдайда өзгеріске ұшырайды, онда соған сәйкес этикалық бағасы да өзгереді. Осыған байланысты этикалық бағалаудың іске асырылуы әртүрлі деңгейде жүргізіледі – жеке клиент деңгейінен барлық қоғам деңгейіне дейін. Қызметті бағалауға байланыстыморальдылық критериий сұрақтарын қою өте жөн. Моральдылық критерийлері арқылы бұл бағалаулар жүргізіледі.

Моральдылық критерийлері (адамгершілік) астарында жамандық пен жақсылық туралы жалпы ойлар, кәсіптік іс-әркеттерде әділдік моральдық талаптардың мазмұны ретіндегі ұғымдар жатыр. Әлеуметтік жұмыста адамгершілік критерийлері екі жақтан қарастырылады: бір жағынан, жалпы әлеуметтік маңызға ие әлеуметтік қызметкердің іс-әркетіндегі жалпы талаптар кіреді, ал екінші жағынан - әлеуметтік жұмыс мамандығының өзіндік сапасы мен эффективтілік талаптары кіреді. Адамгершілік критерийлерін осылай бөліп қарастыру тар мағынада кәсіптік қызығушылық ретінде қарастырмайды және демамандықтың жалпы гуманистік құндылықтарын келемеждеуге мүмкіндік бермейді. Бұл негізге байланысты криетерийлер қатарын бөліп көрсетуге болады.

Оғамдық алға дамушылыққа ықпал жасау. Бұл критерий барлық кәсіптік қызметтерге тән. Әрбір мамандық қоғамдық алға дамушылыққа үлес қосады. Әлеуметтік қызметкер маман ретінде өзінің клиентінің өзіндік іске асырылуына ықпал жасауға, оның тұлғалық потенциалының жоғарылауына ықпал етуге міндетті. Осыған байланысты тұлғалық потенциалдың жоғарылауы барлық қоғамның потенциалының жоғарылауына алып келеді, бұл әлеуметтік алға жылжушылықты қамтамасыз етеді.

Адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыс үрдісіндеәлеуметтік қызметкердің тұлғасы ғана қалыптаспайды, соеымен қатар әлеуметтік қызметкердің әсер етуінен клиенттің де тұлғасы қалыптасады. Осыған сәйкес әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-әркеттері деп адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға - өзін-өзі маман ретінде және оның клиенті, ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтуға болады.

Леуметтік мақсат қоюшылық. Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлуметтік қызметкердің немесе ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне негізделген әлеуметтік мақсат қоюшылық критерийімен басшылық жасайды. Осы қоғам азаматтардың қандай категориялары менқандай жағдайда әлеуметтік қызмет орындарының клиенттері болатынын, қандай түрдегі оларға қызмет көрметулер ұсынылатынын қоғам анықтайды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...