Главная Обратная связь

Дисциплины:






МОДУЛЬДІК ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.



Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:

1) оқытудың жалпы мақсатын қою;

2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;

4) оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезенде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);

5) нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының оқу процесін құрудағы мұғалімнің қызметі төмеңдегіше болады:

1) Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

2) Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.

3) Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі — сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).

4) Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

5) Жалпы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.

6) Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

7) Тақырып бойынша қалыпты немесе "релелік" сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге - 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.

Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі — кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.



Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің I және III бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді — яғни, ол 9 сағат болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі — мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан 7 тұрады:1-қадам: берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқьш-зерттеу.

3-кадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен "кодтар" негізінде).

5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.

Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырық балл алуына мүмкіндік беріледі.

Баға - бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік бередіӨзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің (саморегуляция) құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік (процессуалдық) және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.

Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Сондықтан дұрыс жауабы (жауап үлгілері, есеп шешімдері) бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушыларға немесе кеңесшілерге таратып беру керек.

Лекция №14. Дистанциялық оқыту (Қашықтықтан оқыту )

1. Дистанциялық оқыту технологиясының мақсаты, мәні.

2. Дистанциялық оқыту технологиясын іске асыруда мұғалімнің атқаратын рөлі.

3. Дистанциялық оқытуда білім алушының қызметі.

Дистанциялық (алыстан білім беру) оқыту формасы – электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.

Дистанциялық оқыту түрлері:

Ø Сырттай білім беру;

Ø Өз бетімен білім алу және өзін өзі оқыту;

Ø Сырттай білімін жетілдіру және қайта даярлық;

Ø Жалпы инвалид адамдар үшін де оқудың «ашықтығы»;

Ø Шалғай аудандарда тұратын адамдардың да білім алуға мүмкіндіктің болуы т.б.

Қолданылу жолдары:

Ø Компъютер барлық пәндерді оқытуда, барлық жастағы топтарда, түрлі дидактикалық мақсатта қолдануға болады.

Ø Компъютерді, мультимедиялық және қосымша аппаратураларды мектеп баспасында, электрондық кітапханада, мәдени-ақпаратық орталықта, видеосыныптарда қолдануға болады.

Ø Қазіргі мультимедиялық аппаратураларды түрлі сабақтан тыс және мектептен тыс шараларды өткізуде кеңінен қолдануға болады.

Электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалдарының авторлары.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту технологиясы жоғарғы мектепте, сонымен қатар біліктілік арттыру және мамандарды қайта даярлықтан өткізу институттарында қолданылады. Дегенмен, мүгедектер үшін бұд технолгия үлкен мүмкіндік ашады, және оның ауқымы кең.

Қазіргі жаңа ақпарат білім беру технологиясы құлағы естімейтін, жарымжан кісілерге оқуға мүмкіндік береді.

Оқу материалын электрондық немесе баспа түрде алған компьютерлік класта,кез-келген мемлекеттің және шетелдің кез келген жерінде меңгеруге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы жеке индивидуалдық қабілеттерді, қажеттіліктерді, темперамент пен оқушының қаншылық бос болуын ескере отырып, оның оқу материалын кез келген тәртіпте, кез келген қарқында (баяу немесе тез) оқу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл, әрине, қашықтықтан оқыту технологиясының ең үздік ерекшелігі екені сөзсіз. Бұл технология дәстүрлі оқыту формасын қолдануды көздейді (лекция, консультация, бақылау жұмысы, сынақ, емтихан және т.б.) бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Лекция мұғалімдермен тікелей қарым-қатынаста жүргізіледі. Лекцияны жазуда дискеттер, СD-ROM дисікісі және т.б. қолданылады. Жаңа ақпараттық технологияны қолданғанда (гипертекст, мультимедия, ГИС – технологиялар, виртуалдық шындық) лекция мәнді де, мәнерлі және көрнекті болады. Сонымен қатар материалдар конспектілеуге талап қойылмайды.

Қашықтықтан оқыту барысында консультация оқушылардың жұмысын және тәртібін өз бетінше зерттеуін басшылыққа алу көптеген формалардың бірі болып табылар. Телефон мен электрондық почта қолданылады. Консультация мұғаліміне жеке сапасын оқытуда бағалауда көмектеседі: интеллект, есте сақтау, көңіл бөлу, ойлау т.б.

Лабораториялық жұмыстар практикалық материалдарды меңгеруге берілген. Бұл дәстүрлі жүйеде лабораториялық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтар, макеттер, ---таторлар, тренажерлар, химиялық реактивтерді қажет етеді. Келешекте қашықтықтан оқыту технологиясы лабораториялық практикумды мультимедия технологиялары, ГИС – технологиялары иммитациялық модельдеуді қолданғанда жеңілдетуі мүмкін. Виртуалдық шындық оқушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияны қолдану оқу материалын практикалық меңгеруін және нәтижелерін тексеру жұмыс жүргізіледі. Дистанциялық сабақ элеметтері

Оқу материалы.Мұғалім оқытудың диалогтық түрін бастағанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқуматериалымен қамтамасыз етеді.

Оқушыға керекті материал мына тәсілдермен беріледі.

- CD-ROM немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета «қағаз» құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.

- Файлмен электрондық почта арқылы жіберіледі.

- Дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.

- Веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.

- Оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.

Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушылапға слайдтарды, суреттерді, т.б. көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер үшін серверге салып қояды. Осы процесті алыстан мұғалім басқарады.

Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция кезіндеоқушыларға сұрақтар береді.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...